GALANZ bottlers

Біз кімбіз?

Қазақстан мен Орталық Азиядағы алкогольсіз

сусындардың ірі өндірушілерінің бірі.

БІЗДІҢ МИССИЯ

Сусындардың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, Еуразиялық экономикалық қауымдастық пен Кеден одағының экономикалық кеңістігінде бәсекеге қабілетті және сұранысқа ие тауар ұсыну, сусындардың көлемі мен ассортименті бойынша тапсырыстарды дер кезінде орындап, тұтынушыларға жеткізу.

БІЗДІҢ МАҚСАТ

Алкогольсіз сусындар өндірісі бойынша үздік үштікке кіру

«GALANZ bottlers» АҚ қызметі 1998 жылы ауыз суын өндіру мен тасымалдаудан басталды. Саясатты тиімді жүргізудің, инновацияларды уақытылы енгізудің және тиісті инвестициялардың арқасында компания салқын шай, квас, құрамында шырыны бар және басқа да алкогольсіз сусындар құю өндірісін 20 жылдан аса уақыт бойы жетілдіріп келеді.


Компания отандық өндіруші болып табылады сондықтан тұтынушылар тарапынан жүктелген сенім мен әлеуметтік жауапкершілікті сезініп мемлекетіміздің бүгіні мен болашағының игілігі үшін қызмет етуді парыз деп санайды. Біз қазақстандық азық-түлік өнімдері мен салқындатылған сусындарды өндіру нарығын сондай-ақ жалпы бизнестің дамуына ықпал етуге ұмтыламыз.

КОМПАНИЯ ТАРИХЫ:

1998
"Хрустальная" (19л) суының өндірісі мен дистрибуциясы басталды
2004
Алғаш рет Қазақстан нарығында «Maxi Чай» брендімен суық шай өндірілді
2010
«Хрустальная» суының сауда маркасы өзгертіліп, «Sevens» деген атаумен шықты
2012
Швейцариялық GreenMe AG компаниясының лицензиясы бойынша «Laimon fresh» сусыны құйыла бастады Табиғи жолмен ашытылған «Первоквас»
сусыны нарыққа шықты
2013
Nestle Waters компаниясымен «Nestea» суық шайын өндіруге және сатуға лицензиялық келісімге қол қойылды
2015
Кореялық Dellos F&B Co.Ltd компаниясының лицензиясы бойынша алоэ кесектері қосылған «Dellos» сусынын өндіру және дистрибуциялау басталды
2016
ISO 22000:2005 тамақ қауіпсіздігі халықаралық сертификаты алынды
Құрамында қайың, алмұрт, алма және шие шырыны бар сусындар өндірілді
2017
Өндіріс процестерін оңтайландыруға бағытталған «Үнемді өндіріс»
5S жобасы енгізілді
2019
«Sevens» суы 0.5 және 1л шағын форматта қайта шықты
2020
Алкогольсіз, газдалған «Yellow» лимонады тұтынушыға жол тартты
Алыс-жақын шетелдерден тауарлар жеткізіле басталды
2022
СБО-12 жаңа линиясын іске қосу және өндірістік қуаттылықты арттыру

"GALANZ bottlers" ЗАУЫТЫ

1998 ЖЫЛЫ

ҚҰРЫЛҒАН

6 ӨНДІРІСТІК

ЖЕЛІ

ЖАЛПЫ АУДАНЫ

29 528 М2

ЗАУЫТ

АУМАҒЫ-7 ГА

Біз сіздерді нәрлендіріп, шөліңізді қандырып келе жатқанымызға ширек ғасырға жуық уақыт болған екен. Бүгінгі таңда біздің өнімді тек Қазақстанда ғана емес, шет елде де жақсы көреді, сүйсініп ішеді. Біз бұл жетістігімізбен мақтанамыз сондықтан жыл сайын зауыттың өндірістік қуатын арттыруға тырысамыз. Қазіргі таңда итальяндық "Sidel" компаниясының жаңа желісі сағатына 24000 бөтелке шығарады.

ЗАУЫТТЫҢ ТАРИХЫ

2004 жылы Алтай-2 ауданында алғашқы зауыт салынды. Екінші зауыт 2007 жылы Сүйінбай даңғылының бойында бой көтерді. Үшінші зауытты 2010 жылы сатып алдық. 2013 жылы "DAMU" индустриялық-логистикалық орталығының аумағында мүлдем жаңа зауыт салынып, іске қосылды.

Теміржол пандусы

бір мезгілде тиеу / түсіру үшін 20 вагон қамтамасыз ете алады. Жалпы ауданы – 4 546 м2

Қоймалар

Шикізат пен материалдар сыйымдылығы – 985 паллет Дайын өнім сыйымдылығы –

25 000 паллет

Эстакадалар
Бір мезетте арнайы 6 пандус жүк автомашиналарын тиейді/түсіреді
Кеңсе бөлмелері

Жалпы ауданы – 3 780 м2

Конференц-зал 327 м2

СУ ДАЙЫНДАУ ЦЕХЫ

Біздің кәсіпорын үшін судың маңызы зор. Оны дайындауға ерекше мән береді, себебі қаттылық тұрғысынан судың сапасы неғұрлым жоғары болса, сусындардың да сапасы соғұрлым жоғары болмақ, ұзақ мерзімге сақтауға болады. Өндірісте қолданылатын су тереңдігі 370 метр артезиан ұңғымасынан алынады. Су бірнеше тазарту кезеңдерінен өтеді, оған құм мен көмір сүзгілері арқылы тазарту, ион алмастырғыш шайырмен фильтрді жұмсарту және жұқа сүзгі арқылы тазарту кіреді. Тазартудың соңғы кезеңі – кері осмос. Цехта сағатына 200 тонна су тазартудан өтеді.

ПЭТ ПРЕФОРМДЫ ӨНДІРУ ЦЕХЫ

«GALANZ bottlers» зауытының ПЭТ преформа шығаратын жеке меншік желісі бар, бұл өндіріс үшін өте ыңғайлы әрі өнім бағасының арзан болуына айтарлықтай әсер етеді. ПЭТ преформаларды қыздырғаннан кейін оны созып үрлеу арқылы одан пластикалық бөтелкелер жасайды. Пэт преформалар түйіршіктелген полимер – полиэтилентерефталатты престеу арқылы жасалады. Бөтелкенің түсі түйіршіктерден преформа жасау кезінде түзіледі.

СУСЫНДАРДЫ ДАЙЫНДАУ ЦЕХЫ

Сусындардың барлығы арнайы рецепт пен нұсқаулыққа сәйкес дайындалады. Өндірістегі әрбір шикізатты қолданар алдында ең әуелі Сапаны бақылау департаменті толық тексерістен өткізіп, қолдануға болатыны жайлы рұқсатнама беруі керек. Ондай рұқсатсыз шикізатты өндірісте пайдалануға болмайды.

Ай сайынғы максималды өнімділік

26 800 000 литр

«Махi Чай» сусынын өндірудің технологиялық кезеңдері:

  1. Купаж дайындау үшін шикізатты мөлшерлеу;
  2. Купаж дайындау;
  3. Дайын сусынды пастерлеу;
  4. Сусынды құю аппаратына жіберу;
  5. Бөтелкелерге құю;
  6. Қақпағын жабу;
  7. Бөтелкеге датасын белгілеу;
  8. Бөтелкені салқындатып затбелгі жабыстыру;
  9. Сусындардың сыртын орау
Ыстықтай және суықтай құю цехтары

Жалпы ауданы 5 189 м2
6 өндірістік желі, оның ішінде төртеуі ыстықтай құяды.

Зертхана

Біздің зауытта 3 зертхана бар:
  1. Орталық зертхана - су мен шикізатқа бақылау талдауларын жүргізеді
  2. Ыстықтай құю желісінде жедел зертхана
  3. Суықтай құю желісінде жедел зертхана - физикалық-химиялық және органолептикалық көрсеткіштердің экспресс талдаулары.

ЖОҒАРҒЫ СТАНДАРТТЫ

ӘЛЕМДІК ДЕҢГЕЙДЕ МОЙЫНДАУ

Зауыт жыл сайын ISO 9001:2015 және ISO 22000:2018 стандарты бойынша сертификаттаудан өтеді, бұл кәсіпорынның менеджмент жүйесінің сапасы әлемдік талаптарға сәйкес екенін білдіреді. ISO сертификаты әрбір қызметкердің үздіксіз кәсіби дамуын, инновациялық технологияларға сәйкестігін, сондай-ақ өнімнің сапасы жоғары екенін растайды. Біз HACCP тамақ өнімдерінің қауіпсіздік қағидаларын қатаң қадағалаймыз (ағылш. Hazard Analysis and Critical Control Points). НАССР бүкіл әлемде тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ең тиімді әдістемесі.