Қызықты деректер

  • «GALANZ Bottlers» компаниясында 1029 ер азамат пен 771 әйел жұмыс істейді. Мұндай теңгерімсіздік физикалық күшті қажет ететін ауыр жұмысқа байланысты.

  • 2021 жылдың шілдесі сусындарды жөнелтуден рекордтық ай болды. Өңірлерге 225 вагон жөнелтілді. Орташа есеппен әдетте айына 180 вагон жіберілетін.
  • Егер 2004 жылы тәулігіне 10 000 бөтелке «Махi Чай» шығарылса, 2022 жылы тәулігіне 600 000 бөтелке жетті.
  • "Махі Чай"-ды құю кезінде зарарсыздандыру температурасы 145 градусқа жетеді, бұл ешбір қоспасыз, сусынның жарамдылық мерзімін ұзартуға мүмкіндік береді.
  • Компанияда жасы үлкен қызметкер Болуспаев Болат Қоянбайұлы болып табылады. Ол ТПА реттеушісі болып жұмыс істейді. Болат биыл 25 ақпанда 68-ші туған күнін атап өтті.
  • «GALANZ bottlers» компаниясында бақытын тауып, бас қосып, шаңырақ көтерген 14 жұп қызмет етеді. Арасында біздің ұжымға келмес бұрын бас қосқандар бар, ал көбісі бақытын компаниядан кездестіріп, отбасын құрған.
  • Көп балалы ана - Андрюхина Наталья Геннадьевна.
    «Күміс алқа» орденімен марапатталған Наталья бүгінгі таңда 6 бала тәрбиелеп отыр.
  • Біздің кәсіпорында 20-дан астам ұлт өкілі жұмыс істейді. Қазақ, орыс, татар, ұйғыр, қырғыз, әзірбайжан, дүнген, грек, украин, неміс, татар, өзбек, корей және басқа да ұлттар тату-тәтті жұмыс істеп келеді.