ӘЛЕУМЕТТІК ЖАУАПКЕРШІЛІК

Бірде бір мекеме қоғамнан оқшау тұрмайтынын «GALANZ bottlers» компаниясы жақсы түсінеді, сондықтан әрдайым қоғам игілігі үшін үлес қосып, сол бағытта жұмыс істеуге тырысады. Бірлігі жарасқан біртұтас ұжым әрдайым жақынына қомқорлық танытуға әзір. Табыс кілті тек қызметкерлердің кәсіби біліктілігінде ғана емес, ұйымшылдық, сыйластық, жауапкершілік, адалдық сияқты қасиеттердің жиынтығынан тұрады. Біздің компания бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі қағидаттарын ұстана отырып, қайырымдылық жобаларын жүзеге асырып, еліміздің дамуына өз үлесін қосуда.

«GALANZ BOTTLERS» ҚОЛДАУ КӨРСЕТКЕН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ ЖОБАЛАР

Мешіттегі ауызашарлар
Мүмкіндігі шектеулі балаларға, эпилепсиямен ауыратын балаларға, жанарынан айрылған жандардың отбасына сусындар жеткізу
Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне, фашизм тұтқындарына, аз қамтылған отбасыларға арналған азық-түлік себеттерін жеткізу
«Клуб добряков Алматы» ҚҚ-мен бірлескен акциялар
Мәдени іс-шаралар
- Көктем мен жастық шақ әуендері, К.Байсейітованың 75 жылдығына арналған «Baysa 75» концерті
- «Mini Caspiy Miss & Mister Qazaqstan2023»
- Ақтау қаласындағы балаларды қорғау күні
- Ақтау қаласында балаларға арналған Наурыз мерекесі
Паралимпиадалар
- Парадзюдодан Азия чемпионаты
- Парахоккейден әлем чемпионаты
Республика бойынша қалалар күні
«Мектепке жол» республикалық акциясы

Қоғамдағы өткір мәселелердің бірі - ерекше қажеттіліктері бар адамдардың әлеуметтік ортаға бейімделуі. Біздің компания мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмыс орындарымен қамтамасыз етуде. Олар үшін арнайы пандустар салынып, кеңселер жабдықталып, әжетханалар қарастырылған. Бүгінгі таңда біздің ұжымда 1, 2, 3 топтағы мүмкіндігі шектеулі жандар кадр бөлімінде, HoReCa санаты бойынша сату командасында, Қарағанды қаласы бойынша аумақтық сату бөлімінде қызмет етуде.

ТҰТЫНУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ

Біз алкогольсіз сусындардың түрлі ассортиментін шығарамыз. Компания барлық күш-жігерін өнімнің сапасын арттыруға бағыттайды. Себебі кез келген тұтынушы өзі таңдаған тауардың қауіпсіз әрі мінсіз екеніне сенімді болғысы келеді. Біздің компания бұл мәселеге асқан жауапкершілікпен қарайды. Себебі, бизнестегі әлеуметтік жауапкершіліктің ең маңызды тұсы – тұтынушылардың құқығын қорғау. Осы бағытта тұтас бір бөлім - Сапаны бақылау департаменті қызмет етеді. Біздің сусындарға қатысты шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз болса, әрбір бөтелкенің қаптамасында байланыс телефоны, пошта және электрондық пошта көрсетілген, сондай-ақ әрбір тұтынушы хабарласып, өз тілегін, сұрақтарын қалдыра алатын әлеуметтік желілердегі аккаунттар бар. SMM менеджерлері мен мамандар бірден кері байланысқа шығып, жауап береді.

ӘЛЕУМЕТТІК ПАКЕТ

«GALANZ bottlers» компаниясы білікті мамандар қызмет орнында ұзақ жылдар бойы жұмыс істеуі үшін жиі ынталандыруға тырысады, сондықтан әрдайым қызметкерлерінің еңбек жағдайы мен өмір сүру сапасын жақсартуға ұмтылады. Компанияда қызметкерлерді әлеуметтік пакетпен қамтамасыз ету қосымша материалдық ынталандыру болып табылады.

Компанияның әлеуметтік пакетіне мыналар кіреді:

  • белгілі бір салада біліктілікті арттыру және білімді жетілдіру мақсатында семинарлар мен тренингтерге қатысу;
  • еңбекке уақытша жарамсыз болған жағдайда орташа (нақты) жалақыға дейін қосымша төлем;
  • тегін түскі ас;
  • жұмысқа тегін тасымалдау;
  • медициналық тексерістен өту;
  • ақылы демалыс;
  • балаларға арналған жаңа жылдық сыйлықтар;
  • жаңа жыл қарсаңында тапсырылатын азық-түлік себеттері;
  • ұялы байланыс үшін төлем;
  • спортпен айналысу үшін ақы төлеу;
  • корпоративтік іс-шаралар мен тимбилдингтер.